16 қазан 2023 17:35

Алматыдағы арнайы операция: қырғызстандық дроппер ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Алматылық полицейлер ірі алаяқтыққа қатысы бар қырғызстандық азаматтарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматылық полицейлер ірі алаяқтыққа қатысы бар қырғызстандық азаматтарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Киберполдың мәліметінше, арнайы іс-шара нәтижесінде шетел азаматтары ұсталды. Олар қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға жауапты адамдар.

"Алматыда Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жалға алынған пәтерде Қырғызстанның үш азаматы ұсталды. Олардың Қазақстанға ақша табу мақсатында келгендігі белгілі болды. Ұсталғандардың айтуынша, олар жұмыс берушімен интернет арқылы танысқан. Дәл осы әдіспен басқа төлем ресурстарын пайдалана отырып, қаражатты алу және оларды одан әрі жіберу туралы нұсқаулар алып отырған. Шетелдіктер осы жұмысы үшін сыйақы алған", – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Күдіктілердің құрбаны - 75 жастағы зейнеткер. Банк қызметкерлері оған қоңырау шалып, дәстүрлі сценарий бойынша рұқсат етілмеген несиелік өтінім беру туралы хабардар етіп, жинақ ақшасын қауіпсіз шотқа аударуға көндірген және ақшаны ұрлаған. Ұсталғандар – 30, 26, 20 жаста.

"Олардың уақытша тұрғылықты жерінен 39 банк картасы, 4 ұялы телефон және банк түбіртектері табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети