Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматыдағы ArtSport: қандай заңбұзушылықтар анықталғаны айтылды 28 қыркүйек 2022, 17:14

ArtSport бағдарламасын прокуратура мен Алматы бойынша тексеру комиссиясы тексерді. Прокурордың орынбасары Нұрсұлтан Рақышев анықталған схемалар
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Алматыдағы ArtSport: қандай заңбұзушылықтар анықталғаны айтылды Алматыдағы ArtSport: қандай заңбұзушылықтар анықталғаны айтылды

ArtSport бағдарламасын прокуратура мен Алматы бойынша тексеру комиссиясы тексерді. Прокурордың орынбасары Нұрсұлтан Рақышев анықталған схемалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала прокуратурасы өкілінің айтуынша, ArtSport бағдарламасының жұмысы бойынша бір қылмыстық іс қозғалған және тағы алтауына негіз бар. Прокурордың орынбасары Нұрсұлтан Рақышевтің айтуынша, бюджет қаражатынан бірнеше миллион доллар жымқыру дерегі анықталған.

"Мұнда бюджет қаражатын ұрлауға бағытталған нақты схема жұмыс істеген. Біз осы бағдарлама жұмысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруіміз керек. Бұл бағдарлама функционалының өзі тиімсіз екенін көріп отырмыз, ол бақылау-қадағалау органдарына бюджет қаражатының жұмсалуын уақтылы және тиімді бақылауға мүмкіндік бермейді", - деді Нұрсұлтан Рақышев.

Тексеру барысында прокуратура сабақтарға қатысқан үш мың баланың шетелде болғанын анықтады. Бес мыңнан аса сабақ өткізілмеген. Жаттықтырушылармен еңбек шарттары жасалмаған. Олардың 10-ында соттылығы болған. Прокуратура тексерістер жалғасып жатқанын және олардың нәтижесі аяқталғаннан кейін жарияланатынын атап өтті.
 
Алматы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов жалған қызметтерге 2,5 миллиард теңге бағытталғанын мәлімдеді.

Мынадай заңбұзушылықтар анықталған:

  • жалған ЖСН үшін 2,5 мың ваучер алынған;
  • басқа аймақтарда тіркелген балаларға 18 мыңнан аса ваучер алынған;
  • Алматыдан көшіп келген балаларға ваучерлер алынған (тұрақты тұруға кету, тіркеу орнын ауыстыру және т. б.);
  • 4 жасқа дейінгі балаларға спорт секциясына 150 ваучер алынған.

Аудит қорытындысы бойынша жосықсыз өнім берушілерге арналған материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram