28 маусым 2015 | 15:34

Алматыдағы атыс: Жол ережесін бұзушы контрабандалық жүк алып бара жатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы атыс барысында полицейлер контрабандалық жүк тиелген автомобильді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы атыс барысында полицейлер контрабандалық жүк тиелген автомобильді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Volkswagen Transporter маркалы автомобильді полиция қызметкерлері стационарлық "Аян" бекетінде тоқтатқан. Көліктің салонын тексеру барысында онда қалталардың бары анықталды. Көлік жүргізу куәлігі немесе басқа да құжаттар жүргізушіде болмай шықты. Ол көлігіне отырып полициядан қаша жөнелді", - деді полициядағылар.

Жол-патрульді полициясы автомобильді қуған, автомобиль жүрргізушісі жылдамдықты асырып, қарсы бағытқа шығып жол ережесін бұзды. 

"Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында полицейлер қару қолдану арқылы автомобильді тоқтатуға мәжбүр болған. Автомобильдің артқы дөңгелегіне бірнеше оқ тигеннен кейін микроавтобустың жүргізушісі көлігін басқара алмай, нәтижесінде аударылды. Жол-көлік оқиғасынан жүргізуші бас миы жарақатын алды. Басқа зардап шегушілер жоқ", - деді полицейлер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда атыс болғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети