01 шілде 2016 | 09:15

Алматыдағы балалар үйінде зорлау ісі туралы жаңа деректер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балалар үйінде зорланғанын айтқан бала. © 31.kz Балалар үйінде зорланғанын айтқан бала. © 31.kz

Алматыда № 1 балалар үйінде 10 жастағы жеткіншекті зорлау ісі туралы соталды тергеуде жаңа деректер анықталды. Бұл туралы "Ашық Азия" порталына Бостандық аудандық №2 сотының судьясы Олжас Күренбеков хабарлады.  


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда № 1 балалар үйінде 10 жастағы жеткіншекті зорлау ісі туралы соталды тергеуде жаңа деректер анықталды. Бұл туралы "Ашық Азия" порталына Бостандық аудандық №2 сотының судьясы Олжас Күренбеков хабарлады.  

"Мен осы іс бойынша тергеу судьясымын. Тергеу барысында мен балалар үйінің үш тәрбиеленушісінен жабық түрде жауап алдым (олардың бірі жәбірленуші, екеуі куәгер), олар зорлады деп айыпталып жатқан адамның тағы бір бала мен бір қызды зорлағанын мәлімдеп отыр. Жабық түрдегі жауап алу кезінде мен, психолог, прокурор, адвокаттар, педагогтар және жауап алынған адамдардың заңды өкілдері болды. Бұл процессте жәбірленушіден және куәгерлерден бір рет жауап алынады, содан кейін олардан жауап алынбайды және сотқа өз сөздерін растау үшін қайта шақыртылмайды. Бұл кәмелет жасына толмағандардың психикасына әсер етпеу үшін жасалады", - деп келтіреді Күренбековтің сөзін басылым.

Судьяның айтуынша, сараптама балалар үйінің тағы екі тәрбиеленушісінің - бала мен қыздың зорланғанын растап берді. Таяуда олардан да жабық түрде жауап алынады.

Еске салайық, Алматыдағы №1 балалар үйінде ақпан айында шу шыққан еді. Бұл кезде 13 жастағы бала (кейбір мәлімет бойынша ол 10 жаста) видеокамера алдында тұрып, өз тәрбиешісінен бірнеше рет сексуалдық зорлық көргенін мәлімдеген. Видео БАҚ-тарда жария болған.

Балалар үйінің басшылығы жеткіншектің сөзін қиялының жемісі деп атаған еді. Ал Білім басқармасындағылар қызметтік тексерістің жүргенін, оның қорытындысы бойынша сексуалдық зорлық деректерінің расталмағанын мәлімдеген болатын. Алайда 19 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынған. Кейін мекеме директоры жұмыстан босатылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети