Қырғызстанның Ош қаласындағы мешітте мемлекетаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Эльдар Тышқымбаев ұсталды. Ол -Алматыдағы белорус елшілігі өкілдігінде полицейге шабуыл жасауға қатысқандардың бірі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсталған адам Ыстықкөл облысының Түп ауданында туған, 2013 жылы Қазақстанның азаматтығын алған. Еліміздің құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол қарақшылық, қару, оқ-дәрі, жарылғыш зат ұрлау, билік өкіліне күш көрсету қылмыстары үшін іздеуде жүрген. Тышқымбаевқа қатысты сырттай тұтқындау шарасы қолға алынды.
Жедел шаралардың барысында іздеуде жүрген азаматтың бұрын діни-экстремистік сайттарды жиі қолданып, пікірлер жазып тұрғаны анықталды. Бішкектегі тәртіп сақшылары қашқынның Оштағы мешіттердің бірінде жасырынып жүргені туралы ақпарат алып, оны қолға түсірді.
Еске салайық, 2013 жылдың қараша айында Эльдар Тышқымбаев өзінің сыбайластарымен бірге Алматыдағы Беларусь дипломатиялық өкілдігіне қарақшылық шабуыл жасаған. Қылмыскерлер өкілдікті күзетіп тұрған тәртіп сақшысын ұрып-соғып, табельдік қаруын тартып алған. Шабуылшылардың бірі бір аптадан соң қолға түсті.