21 шілде 2022 09:18

Алматыдағы ер адамның әйелге шабуылы: оқиғаның мән-жайы айтылды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Алматының Наурызбай ауданында пышақ ұстаған ер адам әйелге неге шабуыл жасағаны белгілі болды. Жәбірленушінің әпкесі бәрі қызғаныштан басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.


Алматының Наурызбай ауданында пышақ ұстаған ер адам әйелге неге шабуыл жасағаны белгілі болды. Жәбірленушінің әпкесі бәрі қызғаныштан басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

"Мен шындықты білемін. Бұған дейін ол қорқытып жүрді, біз арыз жаздық, тіпті мен де жаздым. Ол қорқытып, "сен менікі боласың немесе ешкімдікі болмайсың" деді. Мен сені жарып өлтіремін, ал ұлым өседі, ол түсінеді" деді ол. Бұл қызғаныш болатын, ол тіпті қызғаныш емес еді, психикалық ауру. Ол жұмыстан келе жатқан, бірнеше рет такси жүргізушілеріне шабуыл жасап, оларды ұрған кездер болды", - деді жәбірленушінің әпкесі Наргиз Сакиева.

Сондай-ақ, ол кейбір алаяқтар отбасының қайғысынан ақша тапқысы келетінін айтты. Белгісіз біреулер оның атынан ақша жинау шарасын ұйымдастырып, қате мәлімет көрсеткен болып шықты. Сондықтан, ол қазақстандықтарды қырағы болуға шақырды. Әйел полицияға баруға ниетті.

Айта кетейік, Алматыда пышақ ұстаған ер адам әйелге шабуыл жасаған болатын. Оқиға Алматының Наурызбай ауданында болған. Куәгерлердің бірі көршісі әйеліне 11 рет пышақ сұққанын хабарлаған. Себебі әйел оған баласын көрсеткісі келмеген.

Алматыда әйелге 11 рет пышақ сұққан ер адам ұсталды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети