19 қазан 2021 13:47

Алматыдағы жанармай бекетіндегі жаппай төбелестің видеосы тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы жанармай бекеттерінің бірінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы жанармай бекеттерінің бірінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрдан Алматыдағы Райымбек батыр даңғылынан төмен Сейфуллин даңғылында орналасқан жанармай құю бекетін көруге болады. Төбелес бірнеше жігіттің арасында болған, видеодан олардың қарусыз екендері көрінеді. Жанжалға оларды ажыратуға тырысқан қыз да қатысқан. Кейін қыз бен бірнеше жігіт көлікпен кетіп қалады. Видео авторы не болып жатқанын көлік ішінде отырып түсіндіреді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @dorogi_almaty_official +21🇰🇿 (@dorogi_almaty_official)

Полиция департаментінің баспасөз қызметі Жетісу аудандық полиция бөлімі бұл деректі ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркегенін айтты.

"Жанжалға қатысушылар анықталды және олар жауап береді", - деді ПД.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда жасөспірімдердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалған болатын. Тағы бір төбелес Алматы облысында түсірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети