10 қаңтар 2022 09:12

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан екі экстремистік топ құрықталды

Фото: ҰҚК Фото: ҰҚК

Ұлттық Қауіпсіздік Комитетімен жаппай тәртіпсіздік пен террористік актіге қатысқандарды ұстау және жасалынған қылмыстардың себептерін анықтау бойынша кешенді іс-шара жүзеге асыру кезінде 4-8 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 экстремистік топ құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз-қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 9 қаңтарда экстремистік әрекетке алдап-арбау, экстремистік ұйымға басшылық ету және оған қатысу, сондай-ақ жаппай құқыққа қайшы акцияларды жүргізу күдігімен бір ұяшықтың 4 мүшесі ұсталды.

Фото: ҰҚК

Тұрғылықты мекендерін тексеру барысында атылатын қару, дыбыс-жарық гранаталар, оқ-дәрілер және діни әдебиеттер заттай айғақ ретінде тәркіленді.

Фото: ҰҚК

Ұйым жетекшісі халықаралық террористік ұйыммен байланысы бар, жаппай тәртіпсіздікке белсенді түрде атсалысқан шетел азаматы болып табылады.    

Тергеу тұжырымы бойынша, ол Қазақстанға жаппай құқыққа қайшы акцияларды дайындап, сондай-ақ билік органдары мен қарулы құрылымдарға шабуыл жасау үшін келгені анықталды.  

Оған осы мақсатта көмек берушілерді іздестіру ұйымдастырылды. Тергеу мүддесіне сәйкес кейбір ақпараттар жариялауға жатпайды. 

Жедел және тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, кейбір БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінен қару-жарақтар, оқ-дәрілер, басқа да мүліктер ұрланғаны жайында таралған ақпараттар - жалған.

Террористік қауіптің "қызыл" деңгейінің талаптарына сәйкес, департамент күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети