Жеке көлік жүргізушілері жолдың тосқауылынан айналма жолмен жүріп өткізуге уәде берген адамдар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеке көлік жүргізушілері жолдың тосқауылынан айналма жолмен жүріп өткізуге уәде берген адамдар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаланың батыс жағында орналасқан № 20 бақылау бекетіндегі полицейлер бес ер адамды ұсталды. Олар ақшасын берген жағдайда адамдарды өткізу бекетінен айналып өтіп, қалаға алып кетуге уәде берген.
© polisia.kz
"Олар көмектерін бір адамға 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін бағалаған. Ер адамдар ұсталды және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы "Төтенше жағдайды бұзу" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ұсталған адамдарға айыппұл салынды", - деді Наурызбай аудандық Полиция басқарманың басшысы Дидар Аханов.
Осыған байланысты, Алматы полиция Департаменті кезекті рет азаматтарды заңға бағынуға және кедергілерден өтудің заңсыз жолдарын іздемеуге шақырады.
Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жариялады.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін", - деді Президент.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!