Алматыдағы қонақүйде болған қылмыс: күдікті аштық жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы қонақүйде болған қылмыс: күдікті аштық жариялады

Алматыдағы қонақүйлердің бірінде 1,5 жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінген ұлыбританиялық ұшқыш Баракат Мохамед судьяға наразылық білдіріп, аштық жариялады, - деп хабарлайды Daily Mail

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы қонақүйлердің бірінде 1,5 жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінген ұлыбританиялық ұшқыш Баракат Мохамед судьяға наразылық білдіріп, аштық жариялады, - деп хабарлайды Daily Mail

Бұл туралы 41 жастағы ұлыбританиялық ер адам 22 жастағы әйелі Мадина Абдуллаеваға кезекті онлайн-отырыстың алдында айтқан. 

Басылым мәліметінше, Баракат Мохамед пен оның қорғаушысы судья Бақытхан Бәкірбаевты біржақты және бірнеше процедуралық қателік жасады деп айыптады, бірақ оларға судьяны ауыстырудан бас тартылған. 

"Мен сейсенбіден бері нәр татпадым. Жетер. Егер олар мұны істеуді жалғастыра берсе, мүлде тамақ ішпеймін", - деді Баракат Мохамед. 

Еске салайық, оқиға былтыр 24 қазанда InterContinental қонақүйінде болған. Таңғы сағат 06:00-де фойеде әйелдің қатты айғайлап жылағаны естілген. Оның күйеуі баланы қылғындырып өлтірген. 

Бас жарақаттарын алған қызды құтқару мүмкін болмаған. Күдікті - Лондонда туған 41 жастағы Мохамед Баракат, Hong Kong Air Cargo әуе компаниясының ұшқышы. Ол қамауға алынды. 

Ұлыбританиялық ер адамның ісі бойынша негізгі сот талқылауы осы жылдың маусым айының соңында басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети