Алматыдағы құрылыста жұмысшы әйел зорланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы құрылыста жұмысшы әйел зорланған Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

BI Group компаниясы #НеМолчиKZ қорының мәлімдемесіне қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

BI Group компаниясы #НеМолчиKZ қорының мәлімдемесіне қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бүгін қор өкілдері компания басшысы Айдын Рахымбаевқа ашық үндеу жасаған болатын. 23 наурызда #НеМолчиKZ қорынан BI Group компаниясы салып жатқан нысанда жұмыс істейтін қыздың құрбысы көмек сұраған. Оның айтуынша, құрбысы жұмыс орнында зорланған. Жәбірленуші лифтер болып жұмыс істеген. Одан бөлек, оның міндетіне - бояу беру кірген. Бояуды алуға үнемі әктеушілердің бригадирі келетін. Бригадир үнемі жәбірленушіге тиісіп жүрген, алайда ол сүйіктісі барын айтқан.

21 наурызда жұмыс уақыты аяқталар кезде қызметкер жәбірленушіге хабарласып, жұмыс бойынша келетінін айтқан. Бригадир бос жұмыс орны барын айтқан, алайда жәбірленуші қыз ойланатынын, оны астында сүйіктісі күтіп тұрғанын айтып, кетпек болған. Жәбірленуші кетіп бара жатқан кезде бригадир оған тап беріп, қылғындырған. Күдікті жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсетіп, зорлаған делінеді. 

Жәбірленушінің құрбысының сөзінше, ол Бостандық ауданының Ішкі істер басқармасына арыз жазған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НеМолчи.Kz (@nemolchi.kz)

BI Group холдингі жәбірленушіден кешірім сұрады.

"Компания басшылығы болған оқиғадан хабардар. Қызметкерлер тарапынан да, холдинг серіктестері тарапынан да зорлық-зомбылыққа, қысым көрсетуге және қылмыстың басқа да түрлеріне жол берілмейді. Бұл біздің этика кодексімізге ғана емес, жалпы адамзаттық принциптерге де қайшы келеді. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп істің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел топ құрылды. Қорытынды міндетті түрде жеткізіледі. Мәселеге аса жоғары басымдық берілген", - деді компания өкілдері. 

Компания тергеу нәтижелері бойынша кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын хабарлады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети