Алматыдағы күзетшінің өлімі: тың мәлімет белгілі болды

viewings icon 1896 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетшіні айуандықпен өлтірген ер адамға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетшіні айуандықпен өлтірген ер адамға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кешен тұрғындарының айтуынша, күзетшіні көлікпен қағып, соққыға жыққан 45 жастағы ер адам бірнеше жыл бойы ата-анасымен бірге "Меркур Таун" тұрғын үй кешенінде тұрған. Ол нашақорлыққа салынған және көршілерін үнемі қорқынышта ұстағаны айтылды.

"Ол шу шығара бастағанда ата-анасы көмек сұрайды. Мас болған кезде оны бәрі тыныштандырады, шлагбаумнан өткізбейді. Бұл жолы ол мас күйде көлік жүргізбек болды, бірақ кезекші күзетшіміз Нұрбол оны өткізбеді. Бірақ ол бәрібір кетіп қалды. Нұрбол оның соңынан шығып, қайда кеткеніне қарады. Ол қайтып келе жатқанда, бұл көлік қайтып келді. Ол қайтып келіп, аулаға кірді. Нұрбол қақпаны жауып жатқан, сол кезде ол көлікпен оны үш рет қақты, сосын көліктен түсіп, басына бөтелкені сындырған, сосын оның үстіне секірген", - дейді "Меркур Таун" тұрғын үй кешені ПИК өкілдері.

Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиғаға дейін тұрғынның жөнсіз әрекетіне байланысты бірнеше рет полицияға хабарласуға мәжбүр болған. Алайда, ол әр кезде сытылып кетіп отырған.

"Осыдан екі-үш ай бұрын ол диспетчерді соққыға жыққан. 55 жастағы әйелді шашынан сүйреген. Ол нашақор, қаншама рет полиция шақырдық. Есірткі шеккенде үйсіз адамдарды осында әкеле бастайды. Тиісінше, біз бөтен адамдарды аумаққа кіргізбейміз. Ал ол есіктерді сындырып, лифтті тепкілеуді бастайды. Диспетчер ескерту жасаған, кейін ата-анасына телефон соққан. Бұл үшін ол шашынан сүйреген. Ол тағы бір күзетшіні қылқындырған, кейін ол жұмыстан шығып кетті. Құқық қорғау органдарына арыз жаздық, сенесіз бе, сенбейчсіз бе, бірде-бір жауап алған жоқпыз", - деп хабарлады "Меркур Таун" тұрғын үй кешені өкілдері.

Tengrinews.kz редакциясы полицияға келіп түскен көптеген қоңырауларға қатысты құқық қорғау органдарынан ресми пікір сұрады.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та күзетші мен ер адам бірге ішкен деген ақпарат тарады. "Меркур Таун" ПИК бұл болжамдарды жоққа шығарды.

"Мен бейнежазбадан барлық хронологияны көрдім. Жұмыс орнында отырыс болған жоқ. Күзетші Нұрбол оны тыныштандырғысы келген, оны қақпадан шығармады. Бұл адам көршілерін қорқытып, есік-терезелерін сындырған. Мұны бәріміз білеміз, осы жерден көреміз. Күзетшінің үш баласы бар, екі ауысымда жұмыс істейтін, ішімдік ішпейтін", - дейді "Меркур Таун" ПИК тұрғын үй кешенінің әкімшілігі.

Марқұм күзетшінің 30 жаста екені белгілі болды. Артында отбасы мен үш баласы қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
12°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю