06 қазан 2023 | 16:31

Алматыдағы ҰҚК операциясы: 420 миллион теңгенің синтетикалық заттары тәркіленді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісін жою бойынша операцияларды өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісін жою бойынша операцияларды өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен үш азамат ұсталған.

Реклама
Реклама

"Тінту кезінде 21 кг "мефедрон" және "альфа-РVР", прекурсорлардың ірі партиясы мен зертханалық жабдықтар анықталды.

Тәркіленген есірткі заттардың құны "қара" нарықта 420 миллион теңгеге бағаланады, ал көлемі 85 000 рет қабылданатын мөлшерлемелерді құрайды", - делінген хабарламада.

Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

"Соттың санкциясымен ұсталғандарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Биылғы 9 айда ҰҚК 30 халықаралық және аумақтық есірткі арналарының, сондай-ақ 29 есірткі өндіретін зертханалар іс-әрекетінің жолын кесті.

Жалпы алғанда заңсыз айналымнан шамамен 1 тоннаға жуық синтетикалық есірткі және 76 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная