Алматыдағы үш медмекемеде вакцинация паспортын сатқан қызметкерлер әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ПТР нәтижесі мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаған үш мекеменің қызметкерлері әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ПТР нәтижесі мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаған үш мекеменің қызметкерлері әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметі бойынша, екі жеке медициналық орталық - "Достар Мед" және "Сұңқар" қызметкерлері жалған құжат жасағаны үшін ұсталды. Сондай-ақ, №4 поликлиникада медициналық қызметкерлердің вакцинация паспортын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойғаны анықталды. Бірінші жағдайда клиника жанындағы зертхана қызметкері орталықтың екі медбикесі көмегімен ақшалай сыйақы үшін биоматериалды алмай ПТР-сынама тапсыруды ұйымдастырған.

Біраз уақыттан кейін "Сұңқар" медициналық орталығының дәрігер-эндоксисті ұсталды. Ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Жеке тінту кезінде ПТР-сынама нәтижелері, сондай-ақ ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сонымен қатар, №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеу жасағанын мойындады. Бұл деректер ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үш өңірде вакцинация паспорттарын қолдан жасаумен айналысқан медицина қызметкерлерін ұстаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети