Алматылық 10 минутта 16 миллион теңге салынған сейфті ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық 10 минутта 16 миллион теңге салынған сейфті ұрлап кеткен © рolisia.kz

Алматыда 16 миллион теңге салынған сейф қолды болды, - деп хабарлайды Polisia.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 16 миллион теңге салынған сейф қолды болды, - деп хабарлайды Polisia.kz

Портал мәліметінше, 16 миллион теңге салынған сейфті 37 жастағы ер адам интернет-дүкеннің кеңсесінен ұрлаған. Ер адамның қылмыстық жоспарды жүзеге асыруы үшін небәрі 10 минут кеткені анықталған. 

"1983 жылы туған М. есімді ер адам таңғы бестерде кеңсенің алдыңғы есігінің құлпын сындырып, ішке кіріп, сол жерден кішкене өлшемді темір сейфті алып кеткен. Осы қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, оның қызметкерлері күдіктіні анықтады. Бейнебақылау камералары бұл жолы қылмыскерді анықтауда сеп болды. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ұрланған қаражатты сақтау орнын анықтауға бағытталған шаралар кешені жүргізіліп жатыр, олар кейіннен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қаралған қылмыстық іс материалдарына тіркеледі", - деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети