Алматылық 19 жастағы блогер 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда түнгі клубта есірткімен ұсталған блогер 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда түнгі клубта есірткімен ұсталған блогер 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, полицияның арнайы жасағы мен ЕҚҚІҚБ жедел қызметкерлері сәуір айында Алматының Медеу ауданында орналасқан барлардың бірінде арнайы іс-шара жүргізген болатын.

"Түнгі сағат екіде түнгі клубта 19 жастағы Т. есімді азамат ұсталды, оның оң жақ шалбарының қалтасынан көк түсті изолентаға оралған, ұнтақ пен кесек пішінді, ашық түсті синтетикалық зат салынған үш байлам табылды. Жұмыс нұсқаларының біріне сәйкес, бұл мефедрон есірткісі. Заттың нақты кімдікі екендігін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 19 жастағы Т. есімді азамат ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети