Алматылық 6,5 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырған

Алматы тұрғыны өзінің үлестес компаниялары арқылы түрлі коммерциялық ұйымдарға 6,5 миллиард теңгеге салық төлеуден жалтару бойынша қызмет көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы тұрғыны өзінің үлестес компаниялары арқылы түрлі коммерциялық ұйымдарға 6,5 миллиард теңгеге салық төлеуден жалтару бойынша қызмет көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының прокуратурасы Экономикалық тергеу департаментімен және Алматы қаласының сотымен бірлескен жұмыс аясында жалған шот-фактураларды шығару (ҚР ҚК-нің 216-бабы) және жазаның бұлтартпастығы туралы істер бойынша тиімді сот-тергеу тәжірибесін қалыптастыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

"Нәтижесінде қала соттарына 19,5 миллиард теңгеге шот-фактуралар жазылған 8 қылмыстық іс жолданды. Осылайша, қолма-қол ақшаға айналдырушылар контрагенттерге 5,4 миллиард теңгеден астам сомаға салықтан жалтаруға көмектескені анықталған.

Осылайша, 5 кінәліге қатысты айыптау үкімі шығарылып және тағы 16-сы сот талқылауында, олардың алтауы 2 жыл бойы тұрақты қызмет еткен ұйымдасқан қылмыстық топты құрған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты Алматы қаласының прокуратурасы үшінші тұлғалар ақшалай сыйақы немесе бір жолғы пайда алу мақсатында меншік нысанына қарамастан өз атына ұйымдарды тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынатын азаматтардан сақтандырады. Мұндай әрекеттер ҚР ҚК-нің 216-бабында көзделген қылмыстық жауапқа әкеп соғады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама