Алматыда болған атыстан кейін ұсталған Руслан Күлекбаев бұған дейін оқ ататын қарумен қарақшылық шабуылдар жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда болған атыстан кейін ұсталған Руслан Күлекбаев бұған дейін оқ ататын қарумен қарақшылық шабуылдар жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полициядағылардың айтуынша, Шымкентте 2010 жылы ол алтын бұйымдарды сататын әйелдің соңынан үйіне дейін барып, оны кіреберісте соққыға жығып, ішінде 115 мың теңге мен ұялы телефоны бар сөмкені алып кеткен. Күлекбаев полиция қызметкерлерінің бағыттамасымен ұсталып, сот оны шартты түрде үш жылға дейін бас бостандығынан айырған.
Ал 2012 жылы Қызылорда облысының криминалдық полиция қызметкерлері Күлекбаевтан заңсыз сақталып келген патроны мен басқышы бар револьверді тәркілеген. Бұл қылмыс бойынша оған үш жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шыққан.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары мен жедел-іздестіру шаралары барысында Күлекбаевтың тағы төрт қарулы шабуылға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
"Күлекбаевтың түсініктеріне қарағанда, ол көп жағдайда әйелдерге және жалғыз кетіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасаған. Сондықтан ол базарлар мен дүкендерді аңдып жүрген. Бірде ол егде жастағы әйелдің азық-түлігі бар пакетін тартып алып, 100 мың теңгеден аса ақшасын алып кеткен. Осыған ұқсас тағы бір жағдайда әйел 500 мың теңгесінен айырылған кездер де болыпты.
Істі зерттеу барысында Күлекбаевтың мұндай қылмыстарға баруына оның отбасындағы жанжал мен зорлық-зомбылық себеп болғаны анықталды. Әйелінің айтуынша, бірге тұрып жатқан кезден бастап Күлекбаев оны хиджаб киюге мәжбүрлеген. Сондай-ақ, ол тергеушілерге күйеуінің жұмысы болмағаны жайлы және оның кездейсоқ ақша табумен айналысқанын айтты.
Айта кетейік, бұл іске қатысты Күлекбаевтың бірінші әйелі де түсінік берді. Ол бірінші әйелімен бостандыққа шыққан соң, яғни 2015 жылдың соңына дейін жалдамалы пәтерде бірге тұрған. Ол да бұрынғы күйеуінің құбылмалы мінезі бар екенін растады", - деді полициядағылар.
Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.
Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтың жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полициядағылар пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полиция қызметкерлері пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады.