Алматылық әйел бұрынғы күйеуі ұрып-соғып, зорлағанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық әйел бұрынғы күйеуі ұрып-соғып, зорлағанын мәлімдеді Фото:elements.envato.com

Алматылық әйел өзін бұрынғы күйеуі ұрып-соғып, зорлағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық әйел өзін бұрынғы күйеуі ұрып-соғып, зорлағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол "Не молчи" қорының өкілдерінен көмек сұраған.

"18 қазанда бұрынғы күйеуім мені жалдамалы пәтерге алдап апарып, байлап, ұрып-соғып, артынша зорлады. Мені пышақтаймын деп қорқытты. Есімнен таңғанша қылғындырды, таңғы 5-ке дейін", - деп жазды әйел.

24 қазанда әйел полицияға арыз жазған.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер Алмалы аудандық полиция басқармасына 1998 жылы туған әйелден 1992 жылы туған ер адамның оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы өтініш келіп түскенін хабарлады.

"Бұл дерек сол күні Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 1-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне  тіркелді. Іс аясында ер адам полицияға жеткізіліп, одан жауап алынды, ол жыныстық зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарып, жеті ай бұрын онымен тұрғанын түсіндірді", - дейді полициядағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети