Алматы қаласының тұрғыны өзін қала әкімі Ахметжан Есімовтің қызының танысымын деп, өзінің құрбысын әкімдікке 50 мың долларға жұмысқа тұрғызып беруге уәде еткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сотталушының мүддесін қорғаушы адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады. Айта кетейік, қазіргі уақытта сотта әйел қала басшысының қызымен таныс екенін мойындамайды және әкімнің өзінен кешірім сұрап, хат жазды.

Осыған байланысты іс қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта өтіп жатыр. 1978 жылғы алматылық әйел "Алаяқтық" және "Пара беру" баптары бойынша айыпталып отыр. Іс материалдарына негізделген адвокаттың мәліметінше, 2014 жылдың желтоқсан айында сотталушыға 1982 жылғы таныс құрбысы хабарласып, әкімдікке жұмысқа тұрғызып беруді, нақтырақ айтсақ, табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы қызметіне тұрғызып беруді өтінген. Өз кезегінде сотталушы оның өтінішін орындай алатынын айтқан, себебі ол қала әкімінің қызымен таныс делінді. Алайда бұл үшін ол өз құрбысынан 70 мың доллар сұрайды, бұл қаржы қызы арқылы әкімнің өзіне барып түсуі керек болды делінеді. Кейін олар 50 мың долларға келіседі.
Келіссөздерден кейін сотталушыдан көмек сұрап барған әйел Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне 1978 жылғы әйелдің одан 50 мың доллар ақша бопсалағанын жазған. 2015 жылдың 15 қаңтарында әйел 50 мың доллар көлеміндегі қаражатты алу үстінде ұсталады. Іс материалдарында сотталушының Есімовтің қызымен таныстығы арқылы әкімдікке жұмысқа тұрғыза алатыны жазылып қалған төрт аудиожазба бар. Фонетикалық сараптама сөйлеушілердің дауысының сәйкес келетінін анықтады.
Бірақ адвокат Нұрпейісов айыптау бабымен келіспейді. "Біз бұл істі тек "Алаяқтық" бабы бойынша жүруі керек деп есептейміз, "Пара беру" бабы болмауы керек, себебі сотталушы ақшаны біреуге беруді жоспарламағанын айтып жатыр", - деді адвокат Нұрпейісов.