Алматылық әйел жазадан құтылу үшін түсік жайлы оқиғаны ойлап тапқан

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық әйел жазадан құтылу үшін түсік жайлы оқиғаны ойлап тапқан © instagram/rustam.abdrakhmanov_

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 27 жастағы келіншек жазадан құтылу үшін түсік түсіргені туралы әңгіме құрастырған. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-да жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 27 жастағы келіншек жазадан құтылу үшін түсік түсіргені туралы әңгіме құрастырған. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-да жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйел 2021 жылдың желтоқсан айында "Крыша" сайтына пәтерді жалға беру жайлы жалған хабарлама жариялаған. Алаяқтың хабарламасына 26 жастағы тұрғын алданып қалған.

Алданған тұрғын өзін Марина есімді риэлтормын деп таныстырған әйелдің талабы бойынша алдын ала 80 мың теңге аударған. Ақшаны алған соң әйел телефон нөмірін өшіріп, байланысқа шығуды доғарған. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ақша аударылған банк картасының иесі анықталған. Алайда ол картаны өткен жылдан бері танысы қолданып келгенін айтқан. 

Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес күдікті уақытша қамау изоляторына қамалған. 190-бабқа сәйкес тергеу жүріп, оның өзге де қылмыстырға қатыстылығы анықталып жатыр.

"Азаматша Т. қоғам пікірін қолдану арқылы жазадан жалтаруға тырысқаны ерекше назар аудартады. Әлеуметтік желіде әйел бейнежазба жариялап, өзін полиция бөлімінде соққыға жығылып, нәтижесінде түсік жасатқаны туралы жалған ақпарат таратқан. Кейін азаматша өзі кінәсін мойындап, қоғам алдында кешірім сұрады", - деді Әбдрахманов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети