09 желтоқсан 2020 | 18:13

Алматылық әйел сауда орталығында гипноз арқылы адамдарды тонаған - полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда сауда орталығының сатушыларын гипноздап, олардың кассаларын тонады деген айыппен әйел адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда сауда орталығының сатушыларын гипноздап, олардың кассаларын тонады деген айыппен әйел адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауда үйлерінің бірінің сатушысы сауда орталығында болған бейтаныс әйелдің үстінен Жетісу аудандық Полиция басқармасына арыз жазған. Сатушы белгісіз әйел онымен сөйлесіп, кассадан қолма-қол ақшаны иемденіп алғанын айтқан.

Басылым мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында бұл қаладағы бірінші жағдай емес екені анықталған.

"Ұсталған - 1988 жылы туған азаматша Р. негізінен сауда үйлерінде жұмыс істеген. Бейнебақылау камераларынан оның сауда аймағына қалай кіріп, сол аумаққа қарап, содан кейін дүңгіршектердің біріне барып, сатушымен әңгімелесе бастағанын көруге болады.

Ол сатушыны бір жерден көргенін, алдыңғы сатушыны да танитынын және сол сияқты әігімелер "айта бастайды". Осыдан кейін гипноз арқылы қаскөй әйел ақшаны иемденді, сатушының өзі бір күндік кірісін осы әйелге берді, ал ол жайбарақат кетіп қалды", – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Ол күдікті бұрын осындай әрекеттері үшін сотталған атап өтті. Дархан Мұсанов мұндай оқиғалар жиі кездесетінін айтады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети