19 мамыр 2017 12:12

Алматылық әйел "танысы арқылы" тиімді бағамен жер ұсынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

40 жастағы Назымгүл Халықова. ©  Алмаьы қалалық ІІД баспасөз қызметі 40 жастағы Назымгүл Халықова. © Алмаьы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алматыда бірнеше рет жер сатумен айналысқан 40 жастағы күдікті әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда бірнеше рет жер сатумен айналысқан 40 жастағы күдікті әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, Назымгүл Халықова жер сатуға қатысты бірнеше рет алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілінді. Әйелдің заңсыз әрекеттеріне бес адам шағымданған. Назымгүл Халықова азаматтарға тиімді бағамен жер учаскесін алып беруге көмектесемін деп уәде берген. Осылайша, күдікті әйел адамдардан алдын ала ақша алып, уәдесін орындамай жүрген. Күдіктінің айтуынша, ол өзінің бір танысына сеніп, соңында өзі де алданып қалған.

"Тергеу қазіргі уақытта осы мәліметті қайта тексеріп жатыр. Әйелдің келтірген шығыны бес миллион теңгеге жеткен. Процессуалдық тәжірибеге сәйкес, біз әйелдің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереміз", - деді Әуезов аудандық ІІБ басшысы Бақыт Қасабеков.

Полицейлер Халықовадан зардап шеккен адамдардан мына нөмірлер бойынша хабарласуларын сұрайды:  298-53-01; 298-53-02 немесе 298-53-03.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети