Алматыда "Тексерістік сатып алу" тәсілі қолданылған арнайы операция кезінде ҚР ІІМ-нің қызметкерлері алматылық әйелден есірткінің ірі партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тәркіленген "Героин" есірткісінің салмағы - 3,7 келі, бұл есірткілер психотропты заттар мен олардың аналогтарының кестесі бойынша аса ірі көлем болып саналады", - делінген хабарламада.
Алматының Әуезов ауданы сотының үкімімен әйел қамауға алынды. "Құқық қорғау органдарының нәтижелі жұмысының арқасында есірткі пайдаланушылар қолына 185 000 мөлшер жетпеді", - дейді прокуратура өкілдері.