16 ақпан 2017 | 17:05

Алматылық жігіт өз әпкесінің үйінен 90 миллион теңгені қолды еткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© NewsTaraz © NewsTaraz

Алматығы жеке мектептердің бірінің құрылтайшысының пәтерін өз жиені тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының Медеу ауданының №2 сотына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматығы жеке мектептердің бірінің құрылтайшысының пәтерін өз жиені тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының Медеу ауданының №2 сотына сілтеме жасап.

Іс материалы бойынша, жекеменшік мектеп құрылтайшысы жұмыстан келіп, пәтерінің іші шашылып жатқанын көреді. Әйел адам үйіне ұры түсіп, жинаған ақшасы мен бағалы әшекейлерінің жоғалғанына көзі жеткен. Жалпы алғанда 22 миллион теңге, 200 мың доллар, 9000 ресей рублі, 1050 еуро, 3000 жапон йені, 160 ұлыбританиялық фунт және бағалы әшекейлері қолды болған. Әйел адам бірден туысы болып келетін жүргізушісіне күдігі түскен. Өйткені жүргізушінің үйдің кілті болған және ол дабыл жүйесінің құпия сөзін білген.

Алайда кейін әйелдің жиені өз кінәсін мойындайды. Оның сөзінше, жігіт қызметін көтермей, аз ғана айлық төлеген әпкесіне ренжулі болған. Ол қолды еткен барлық затты қала шетіне апарып, жерге көміп қойғанын айтыпты. 

Әйел тоналғанын білгеннен кейін кінәлі жігіттің інісін айыптай бастайды. Ал жүргізуші жігіт өзінің кінәлі еместігін айтып, өзіне қол салатындығын айтқан. Інісінен айырылып қалудан қорыққан жігіт әпкесіне келіп, кінәсін мойындайды. Сотта ол алғанының барлығын қайтарғанын айтады. Дегенмен әпкесі бәрін есептей келе 69 миллион теңге жетіспейтінін айтады.

Судья Дәурен Мәукеев жігітті ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-тарауы "Ұрлық" бойынша кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілей отырып, алты жалға бас бостандығынан айырды. Сотталушы мерзімін жалпы тәртіптегі колонияда өтейді, оның үстіне шығынды өтеуге міндеттелді.

Апелляциялық сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети