29 қараша 2017 | 09:19

Алматылық кәсіпкер әйелдің тәркіленген миллион доллар тұратын алтыны ломбардтан табылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индира Бердібекова. © "Астана" телеарнасының кадры Индира Бердібекова. © "Астана" телеарнасының кадры

Алматыда кәсібінен айрылған тағы бір әйел шағымданды. Зергерлік бұйымдар сататын Индира Бердібекова құны 1 млн АҚШ доллары болатын бағалы тауарының заңсыз тәркіленгенін айтады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда кәсібінен айрылған тағы бір әйел шағымданды. Зергерлік бұйымдар сататын Индира Бердібекова құны 1 млн АҚШ доллары болатын бағалы тауарының заңсыз тәркіленгенін айтады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ал кірістер департаменті экономикалық қылмыстарды тергеу қызметінің мамандары "елге контрабандалық жолмен әкелінді" деп алып кеткен тауарды талан-таражға салды деп отыр. Бүгінде күдікті қамауға алынып, ісі сотта қаралып жатыр. Ал әділдік іздеген әйел өзінің бұйымдарын қаладағы ломбардтардан тапқан.

Тілшілердің мәліметінше, Индира ел аузында "алтын базары" атанған сауда орталығында зергерлік бұйымдар сатумен айналысып келген. Былтыр қалалық экономикалық қылмыспен күрес қызметі оны "контарбандалық жолмен өзге елден тауар тасымалдады" деп айыптайды. Кәсіпкердің сауда сөресіндегі және үйіндегі зергерлік заттар түгел тәркіленеді. Бірақ жылға жуық уақытқа созылған іс бойынша жаңа деректер пайда болыпты.

"Кірістер департаментінің тергеушісі менің заттарымның бәрін ломбардтарға сатып, казино ойнап тастағаны мәлімет болып маған жетті. Осы заттарым сатылып кетті деген хабар келгеннен бастап, ізденіп, қаражатымды есептегенде, 1 млн доллар деп бағалап отырмын. Қағаз жүзінде шығын одан да көп", - дейді Индира Бердібекова. 

Қалалық кірістер департаментінің тергеушісі Қуандық Есенқұлов сыбайласымен бірге "заттай айғақ" ретінде тәркіленген дүние-мүлікті оңды-солды саудалаған деген күдікке ілініп, құрықталады. Қазір сот жүріп жатыр. Бұрынғы салықшы Қылмыстық кодекстің 361 бабы 4 тармағы бойынша айыпталып отыр.

Алматы қаласы кірістер департаментінің басқарма басшысы Заңғар Шындәлі арызданған азаматшаға экономикалық қылмыс бойынша іс қозғалғанын айтты. "Соның алтын бұйымдарын уақытша сақтау қоймасына өткізбей, соларды жоғалтқан деген күдікпен ұсталған болатын. Алмалы аудандық сотының шешімімен 2 айға қамалды", - дейді ол.

Ал Индира Бердібековаға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Оның қорғаушысы Айгүл Орынбек мәселенің көлеңкелі тұстары басым дейді. Сотқа куәгер ретінде шақыртылған кәсіпкерден жоғалған тауардың құнына қатысты түсініктеме талап етілген.

"Қандай дәлел керек екен? Көрініп тұр, алғанда протокол изъятия бар. Ол әйел кінәлі болса, баяғыда қамап тастар еді. Құзырлы органдар оның кінәсін дәделдей алмай отыр", - дейді қорғаушы Айгүл Орынбек. 

Жалғызбасты әрі төрт баланың анасы қалалық кірістер департаменті басшыларының үстінен сотқа шағымданбақшы. Себебі қомақты соммаға бағаланған зергерлік бұйымды тергеушінің өзі ғана қолды қылғанына сенбейді. Құзырлы органдардан бұйымдарды тәркілеу кезіндегі бейнетүсірілімдер мен хаттамалардың түпнұқасын көрсетуді де талап етеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети