03 желтоқсан 2021 | 14:36

Алматылық келіншектің 11 миллионын алдап алған алаяқ 6 жылға сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Алматылық келіншектің 11 миллионын алдап алған алаяқ 6 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық келіншектің 11 миллионын алдап алған алаяқ 6 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жәбірленуші танысу сайттарының бірінде Александар есімді ер адаммен танысқан. Танысудың арты кездесуге жалғасқан. Александар келіншектің сеніміне барынша кірген. Жәбірленуші өзі танысқан адамның парақшасында жазылған ақпараттардың барлығы ойдан құрастырылғанын соңына дейін білмеген", - дейді хабарламада.

Алаяқ түрлі сылтаулармен (анасының өлімі, көлігінің бұзылуы, қылмыстық іс, карта қарызы) жәбірленушіден 11 171 400 теңге алдап алған.

"Ол ақшаны әртүрлі жолмен берген. Ұялы байланыс арқылы төлеу, не карталық шоттарға аудару, айтқан жеріне тастап кету. Адамдардың жанашырлығымен, көмектесуге деген құлшынысымен ойнаған .Ф. алдап алған ақшаны өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Көп бөлігін букмекерлік кеңседе ұтылған", - деді сот отырысында.

Ер адам Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінде ("Алаяқтық") көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети