Алматылық қосалқы нарықтан көлік сатып алу кезіндегі алаяқтық туралы айтты. Ол сатып алғаннан кейін көлігі тәркіленіпті, себебі ұрланған авто екен. Дегенмен ол көлік үшін алған несиесін төлеп жатыр. Сондай-ақ ол зардап шеккенімен, сот отырысына куәгер ретінде де қатыса алмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматылық қосалқы нарықтан көлік сатып алу кезіндегі алаяқтық туралы айтты. Ол сатып алғаннан кейін көлігі тәркіленіпті, себебі ұрланған авто екен. Дегенмен ол көлік үшін алған несиесін төлеп жатыр. Сондай-ақ ол зардап шеккенімен, сот отырысына куәгер ретінде де қатыса алмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматылық көлік құжатын ХКҚО-да да, банктегілер де қалай тексергенін түсінбей дал.
"2020 жылғы 18 шілдеде алғашқы жарнасын салып, автокөлік үшін несие алдым. Бір айдан кейін тергеуші бұл көліктің бірнеше рет әркімнің атына рәсімделгенін мәлімдеді. Көлік жыл басында ұрланған екен. Есептен шығару және сатуға жасалған жалған сенімхатпен заңсыз сатылып, әркімнің атына рәсімделген. Сөйтсем, мен сатып алған адамнан алыппын. Қылмыстық іс қозғалды. Менің көлігімді алып қойды және қылмыстық істе дәлел ретінде пайдаланады", - дейді алматылық.
Оның айтуынша, көлік айыппұл тұрағына жеткізілген. Ертесі ол банкке жазбаша өтініш жазып, мән-жай анықталғанша ай сайынғы төлемді тоқтата тұруды сұраған. Бірақ банктегілер келіспепті.
"Алғашқы зардап шеккен ер адам мен күдіктінің арасында сот болды. Қылмыстық тергеу органдарынан мен не зардап шеккен, не куәгер ретінде танылмағанымды білдім. Үш қорғаушыға жүгіндім. Олардың бәрі көмектесе алмайтынын айтты. Сотқа өтінішхат жаздым. Жоғарыдағы органдарға сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, мені зардап шеккен адам ретінде қосуын сұрап өтініш жаздым. Ал олардан жауап ретінде өтініштің басқа мекемеге жолданғаны туралы хабарлама алдым", - деді зардап шеккен ер адам.
Ол көліксіз қалса да, несие төлеп жатқанын атап өтті.
Алматы Полиция департаментіндегілер жағдайға қатысты пікір білдірді.
Күдікті ұсталған. Қазір сот процесі жүріп жатыр. Ведомство мәліметінше, оқиғасын айтып берген алматылық қылмыстық істі тергеуге куәгер ретінде қатысады.
"Сот оны адал сатып алушы ретінде мойындауы керек немесе оған өтемақы төлеуді міндеттеуі керек. Сонда оған көлікті беруге заңды негіз болады. Бұл айтылғандар ер адамға түсіндірілді. Көлік заттай дәлел ретінде тартып алынды және мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", - деп түсіндірді Алматы Полиция департаментіндегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!