Алматылықтарды Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі © Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беруді уәде етіп, алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беруді уәде етіп, алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматының 29 жастағы тұрғыны Диана Құрманова іскер жұмысберуші кейпіне еніп, азаматтарды алдаған. Ол шетелден жұмыс тауып беремін деп ақша алып, тығылып жүрген. Бұл дерек бойынша Медеу аудандық ІІБ мамандары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Күдікті Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беру туралы хабарландыруын Оlx.kz сайтында жариялап отырған. Оған бірқатар адам хабарласып, Оңтүстік Кореяда жұмыс істегісі келетінін айтқан. Ол қоңырау шалғандармен кездесіп, журналдар, суреттер көрсетіп, шетелдегі керемет өмір мен мол табысты айтып қызықтырған. Ол жақта күніне 80 доллар беретін жұмыс бар екенін айтқан", - деді Медеу аудандық ПБ басшысы, полиция майоры Болат Тотыбаев.

Оның айтуынша, алданған адамдар жұмыстарынан шығып, күдіктіге ақша беріп, жолға жиналған. Шын мәнінде ол әйел алаяқ болып шықты. Ол журналдар мен суреттерді Интернеттен жүктеген, өзі ешқашан Оңтүстік Кореяда болмаған. Ақшаны алғаннан кейін телефонын өшіріп, қашып кеткен. Күдікті әйел "клиенттерінің" бірінен 1 миллион 400 мың теңге алыпты.

Медеу аудандық полициясындағылар Құрманованың қылмысы салдарынан зардап шеккендер болса мына байланыс номерлеріне хабарласуды сұрайды: 254-48-02; 8-702-619-99-97 немесе 102.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro