Қала тұрғындары күндіз жұмыста болған уақытта ұрлықтың 45,4 пайызы болады екен. Мұндай мәліметтерді Алматы қалалық Медеу ауданының прокуратурасы келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала тұрғындары күндіз жұмыста болған уақытта ұрлықтың 45,4 пайызы болады екен. Мұндай мәліметтерді Алматы қалалық Медеу ауданының прокуратурасы келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сондай-ақ, қылмыстың бұл түрінің 25 пайызға өскені айтылды. Онымен қоса Медеу ауданында болатын қылмыстың 67 пайызы немесе 3153-і ашылмай қалатыны анықталып отыр. Сонымен қатар, қаладағы криминогендік аумақтар анықталды. Олар: ұрлықтың 45 пайызы немесе 1427 ұрлау дерегі кездесетін "Көк базар" аумағы (Пушкин көшесінен - Жібек Жолы - Мақатаева - Қалдаяқова), 470 ұрлау дерегі немесе осы қылмыстың 10 пайызы кездесетін "Достық Плаза" сауда орталығы аумағы мен Самал-2 ықшамауданы (Жолдасбеков көшесінен - Достық - Әл-Фараби - Фурманов), 611 ұрлау дерегі мен осы қылмыс түрінің 15 пайызы кездесетін Горький атындағы орталық саябақ пен 28 гвардияшы Панфиловшылар атындағы саябақ екен.
Сонымен қатар, ұрлықтың көбінесе қоғамдық орындарда болатыны анықталды. Әрбір 5 ережебұзушылық дүкендерде, базарларда, дәмханаларда және қоғамдық көліктерде кездеседі. "Ұрлық әр түрлі уақытта жасалады. Түнгі уақытта, яғни сағат 22-00-ден 06-00-ге дейін ұрлықтың 20,6 пайызы жасалса, таңғы уақытта 06-00-ден 09-00-ге дейін ұрлықтың 10,9 пайызы жасалады. Ал күндіз сағат 09-00-ден 17-00-ге дейін ұрлықтың 45,4 пайызы жасалса, кешке 17-00-ден 22-00-ге дейін ұрлықтың 23,4 пайызы жасалады", - деді прокуратурадағылар.
Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, бұл деректердің барлығы азаматтардың алаңғасарлығынан болып отыр. Осыған байланысты 2016 жылдың қазан-қараша-желтоқсан айларына және 2017 жылға мүлік тонау деректерін төмендету үшін бағдарламаның бекітілгені айтылды.