Алматының Медеу ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Талғат Әбдіқалықовқа рақымшылық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық соттың бспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, Талғат Әбдіқалықов пара алғаны үшін сотталған.

"ҚР заңының 4-бабының 2-тармағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңына байланысты Әбдіқалықовтың 2016 жылдың 14 желтоқсанындағы өтелмеген мерзімінің төрттен бір бөлігі қысқарды, жалпы алғанда ол 1 жыл 10 ай 7 күнді өтейді", - делінген апелляциялық сот шешімінде. Үкімнің басқа бөліктері өзгеріссіз қалды.
Еске салайық, сот Алматының Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болып, 2016 жылы мамыр және маусым айларында "Алатау-АвтоСпецТехника" ЖШС басшылығынан 2 300 300 теңге пара алған.
Сот әкімнің бұрынғы орынбасарын осы қылмысты жасады деп тауып, үш жылға соттады, ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеп жатқан. Сонымен бірге, экс-шенеуніктің мүлкі тәркіленіп, ол өмір бойы мемлекеттік органдар мен басшылық қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.