04 мамыр 2017 | 13:50

Алматының Наурызбай ауданында заңсыз жер сату әрекеттері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық ІІД мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы ұзақ уақыт бойы жерді заңсыз сатумен айналысып келген бір топ адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық ІІД мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы ұзақ уақыт бойы жерді заңсыз сатумен айналысып келген бір топ адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алаяқтар осыған дейін "Каменский" Газ өңдеу зауытына тиесілі болған Алматыдағы Наурызбай ауданындағы жерлерді заңсыз сатқан. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұзақ уақыт бойы "ТИМУС-construction" ЖШС-на тиесілі жерлерді заңсыз сатумен айналысқан алаяқтар тобы 25 сәуірде ұсталды. "Сотқа дейінгі тергеу барысында "Каменский" Газ өңдеу зауытының бұрынғы жұмысшылары Мамытбаев У., Құлжабаев С., Нұршабаев А. мен Тю. А 2008 жылдан бері зауытқа тиесілі сомасы шамамен 500-600 мың доллар болатын жерді 72 адамға сатқаны анықталды", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.


Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, алаяқтардың жер сатып алғысы келетін зауыттың бұрынғы жұмысшыларының жалған тізімін, яғни "үлескерлердің" тізімін жасағаны айтылады. "Мемлекеттік және сот органдарына қысым көрсету үшін олар "үлескерлердің" тобын құрған. Жер мәселесі шешілмеген жағдайда Мамытбаев У., Нұршабаев А. және Тю А. алданған адамдар мен "Каменский" Газ өңдеу зауытының бұрынғы жұмысшылары жерлерді өз бетімен басып алмақшы болды", - деді ІІД өкілдері.

Алматы полициясы осы іске қатысты қандай да бір мәлімет білетіндерден немесе осы алаяқтардың әрекеттерінен зардап шеккендерге мына нөмірлер бойынша хабарласуын сұрайды: 102 немесе 254-40-44.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети