Алматының шетінде қылмыстық мақсаттағы пәтер табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының шетінде қылмыстық мақсаттағы пәтер табылды Алматы ПД баспасөз қызметі

Алматы полициясы GSM терминацияға арналған жабдығы бар пәтерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы GSM терминацияға арналған жабдығы бар пәтерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алаяқтық тізбекті Алматы қаласының "Киберполы" анықтады. Жабдықтары бар "кеңсе" Алматының шетіндегі көпқабатты үйде орналасқан.

"Пәтерде GSM терминацияға арналған 64 слоты бар SIM-box жабдығы табылды, бұл жабдықтың аппараттық модульдерінің бірі, оның негізгі қызметі SIM карталарының жиынын сақтау саналады. Яғни, Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан операторлар, бірақ қоңырау шалу үшін қазақстандық оператор қажет, сондықтан белгілі бір сомаға слотта орналасқан және арнайы деректер базасына қосылған нөмірді сатып алады", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Арнайы іс-шара барысында полицейлер осы нөмірлерді СМС-хап қызметі арқылы пайдаланып, алаяқтық әрекеттерге барған шағын АТС ұйымдастырушысы, яғни 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Жалпы материалдық шығын 10 миллион теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері әртүрлі ұялы байланыс операторларының көптеген сим-картасын, телефон нөмірлері бар мәліметтер базасын және басқа да түрлі құрылғыларды тәркіледі.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети