"Алматыжолзертханасы" басшысына 40 миллион теңге айыппұл салынды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматыжолзертханасы" басшысына 40 миллион теңге айыппұл салынды © pixabay.com

"Алматыжолзертханасы" РММ басшысы 2 миллион теңгеге пара алғаны үшін 40 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматыжолзертханасы" РММ басшысы 2 миллион теңгеге пара алғаны үшін 40 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Кенжеғұл Сахи 2018 жылдың желтоқсанынан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін "Казахдорстрой" ЖШС директоры З. Дощановтан жол құрылысына материалдарды арзанырақ етіп өзгертуге келіскені үшін жалпы сомасы 2 миллион теңге пара алды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты", - делінген хабарламада. 

Оған 12 маусымында Талдықорған қалалық сотының үкімімен 40 миллион теңге айыппұл салынды. Ал Дощановқа 30 миллион теңге. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген күнінен бастап 1 жыл ішінде айыппұл төленуі тиіс. Шарт орындалмаған жағдайда жаза бас бостандығынан айыру түріне ауысады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети