Алтын мен дәрі-дәрмек контрабандасы: Астанада кеден бекеті бастығының орынбасары сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтын мен дәрі-дәрмек контрабандасы: Астанада кеден бекеті бастығының орынбасары сотталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты кеден бекеті басшысының орынбасарына пара алу дерегі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты кеден бекеті басшысының орынбасарына пара алу дерегі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеден бекеті басшысының орынбасары бола тұра Т. азамат Д-дан Ыстамбұл - Астана әуе қатынасы арқылы декларацияланбаған алтын бұйымдар мен дәрі-дәрмектерді кедендік шекара арқылы контрабанда ретінде әкелгені үшін 1 060 000 теңге көлемінде пара алған.

Сотталушылар кінәларын мойындап, шын жүректен өкінетінін жеткізді. Сондай-ақ, олардың кінәсі куәгерлердің айғақтары, сот-медициналық сараптамалар мен мамандардың қорытындысымен дәлелденген.

Сот үкімі бойынша Т., кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 60 еселенген сомасында (63 600 000 теңге) айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сондай-ақ, сот Д.-ны да кінәлі деп тапты: ол мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 26,6 еселенген сомасында (28 196 000 теңге) айыппұл төлеуге міндетті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети