27 сәуір 2022 | 17:26

"Алтын Орда" базарында қандай заңбұзушылықтар анықталды?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадр: nstagram.com/altynorda_kz_

Алматы облысының прокуратурасы "Алтын Орда" базарында қандай заң бұзу деректері анықталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының прокуратурасы "Алтын Орда" базарында қандай заң бұзу деректері анықталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура мәліметінше, базарда жер, табиғатты қорғау, өртке қарсы, салық, санитарлық-эпидемиологиялық, сәулет-құрылыс, еңбек, көші-қон, монополияға қарсы, ветеринария заңнамаларын бұзу анықталған.

"Мысалы, 1,4 гектар мемлекеттік жерді өз бетінше басып алу дерегі анықталды. Бұл жерге базар әкімшілігі бөлшек сауда дүкендерін салып, одан күн сайын жалға беруден кіріс түскен. Ақсай өзенінің су қорғау аймағын бұзу фактілері анықталды. Өзенге жақын жерде рұқсат етілмеген 17 ғимарат орналасқан. Жалпы, базар аумағында рұқсат етілмеген 36 ғимарат анықталды. Сонымен қатар, құжаттамаға сәйкес, ғимараттардың бір бөлігі бұзылды делінген, мұны бұзу актілері дәлелдейді. Бірақ шын мәнінде, бұл нысандар жұмыс істеп, иелеріне күнделікті кіріс әкеліп тұр.

Құжаттарды қолдан жасау фактісі қазіргі уақытта ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігі "Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, тергеу жүргізіліп жатыр. Оның барысында мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың құжатты қолдан жасауға қатыстылығы тексеріледі", - деді Алматы облысы прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Сабыржан Оңалбаев.

Тексеру кезеңінде базар аумағында рұқсат беретін құжаттарсыз жұмыс жасаған 230-дан астам шетелдік ұсталғаны белгілі болды.

"Сонымен қатар, шетел азаматтарын елден шығару туралы сот шешімдерін орындаудан жалтару үшін оларға баспана беру дерегі анықталды. Тексеру материалдары бойынша осы бөлікте ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігі "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" және ҚК-нің 430-бабы 1-бөлігі "Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау" бойынша соталды тергеп-тексерулер басталды.

Сауда қызметтерінің жекелеген түрлеріне монополиялық жағдайды теріс пайдалану дерегі. 1,6 миллиард теңгеден астам сомаға салық заңнамасын бұзу фактілері анықталды", - деді прокуратура өкілдері.

Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, базардағы 7 кіреберісте автотұрақ ақысын төлеу кезінде бақылау-кассалық аппараттар болмаған.

"Қабылданған шаралар арқылы базар аумағында 2898 бизнес субъектісін тіркеу есебіне қою қамтамасыз етілді. 12 наурыздан 12 сәуірге дейін визуалды тексеру жүргізілді, оның барысында алымдардан түсетін жылдық кірістің шамамен алынған сомасы анықталды. Орташа алғанда, ол 3 миллиард теңгеге тең, бірақ базар әкімшілігі салық төлер кезде басқа сандарды көрсеткен", - деді прокуратура өкілдері.

Прокуратураның талабы бойынша мемлекеттік кірістер органдары салықтық тексеруді бастаған, оның барысында төлеуге тиісті салықтардың нақты сомасы есептеледі.

Тексеріс барысында басқа да заң бұзу деректері анықталған.

"Негізінен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында 20-дан астам, ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау бойынша - 18, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша 210-дан астам, қоршаған ортаны қорғау саласында - 5, еңбек заңнамасы саласында 16 заңбұзушылық анықталды. Осы заңбұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін мемлекеттік органдарға қадағалау актілері енгізілді", - деп қорытындылады ведомство өкілдері.

Бұған дейін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев "Алтын Орда" базарына жүргізілген тексеріс туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, "Алтын Орда" базарында бұзылмаған бірде-бір заң жақ, оның ішінде көші-қон заңнамасы да.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети