24 шілде 2017 | 11:30

Amanat Insurance сақтандыру компаниясының бұрынғы менеджерлеріне қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Amanat Insurance сақтандыру компаниясының бұрынғы үш қызметкері, оның ішінде басқарманың бұрынғы төрайымы Зәуре Сейітова жалған құжат жасағаны үшін өмірінің екі жылдай уақытын темір тордың арғы жағында өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішсі. 


Иконка комментария блок соц сети

Amanat Insurance сақтандыру компаниясының бұрынғы үш қызметкері, оның ішінде басқарманың бұрынғы төрайымы Зәуре Сейітова жалған құжат жасағаны үшін өмірінің екі жылдай уақытын темір тордың арғы жағында өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішсі. 

Алматы аудандық сотының судьясы Нариман Бегалиев Amanat Insurance сақтандыру компаниясы басқармасының бұрынғы төрайымы Зәуре Сейітоваға және басқарушы директор Светлана Писарева мен Гүлжан Жәутікованы айыпты деп танып, 2 жыл 5 ай 28 күнге мүлкін тәркілей отырып, бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, рақымшылық заңына сәйкес, олардың жазасы екі есе қысқартылды. 

Сонымен қатар, судья сотталушыларға "Amanat Insurance" Сақтандыру комапаниясы" АҚ пайдасына 3 миллион 669 мың 497 теңге қайтаруды бұйырды. 

Еске салайық, Amanat Insurance сақтандыру компаниясының бұрынғы үш қызметкеріне (соның ішінде басқарманың бұрынғы төрайымы Зәуре Сейітова да бар) жалған құжат жасады деген айып тағылған болатын

"Іс материалы бойынша, Зәуре Сейітова, Светлана Писарева және Гүлжан Жәутікова "Amanat Insurance" Сақтандыру компаниясы" АҚ қызметкерлері болған кезде қызметін пайдалана отырып, алдау арқылы компанияның аса ірі көлемдегі қаржысын иемденген. Бұл ақшаны еңбек келісімшартын бұзу кезінде берілетін өтемақы төлемі үшін деген себепті сылтау еткен және жалған құжат пайдаланған", - делінген сот хабарламасында. 

Олар ҚР ҚК-нің 385-бабының 2-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы және 190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпталып отыр. Іс бойынша сот отырысы Алматыда өтіп жатыр. 

Айта кетейік, Зәуре Сейітова "Amanat Insurance"  басқарма төрайымы қызметінен 2015 жылдың қаңтарында кеткен болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети