Шымкент түбіндегі Ан-72 ұшағының апатына кінәлі деп айыпталған диспетчер Қанат Ақылбеков алты жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Шымкент түбіндегі Ан-72 ұшағының апатына кінәлі деп айыпталған диспетчер Қанат Ақылбеков алты жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Айыптаушы тараптың мәліметінше, Ақылбеков ұшақты 2150 метр биіктікте тым ұзақ уақыт ұстаған, бұл әуе көлігінің мұздануына және апатқа ұшырауына себеп болды. Сотталушы әуе көлігі қозғалысы қауіпсіздігі ережесінің бұзылуына және ҚР ҰКҚ Шекара қызметінің Ан-72 ұшағының апатына кінәлі деп танылды.
Ақылбеков жазасын қоныс-колонияда өтейтін болады. Сондай-ақ, оған жаза өтегеннен кейін тиісті лауазымды үш жылға дейін атқаруға тыйым салынады. Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ, ол барлық әрекетті құжаттар мен ережелерге сай істедім деп отыр.
Ан-72 ұшағының апаты 2012 жылдың 25 желтоқсанында болған еді. Астана - Шымкент бағытындағы әскери-көлік ұшағының бортында 27 адам болды, оның 20-сы - Шекара қызметі құрылымдарының жетекшілері. Арасында Шекара қызметінің директоры, полковник Тұрғанбек Стамбеков те болды. Экипаж мүшелері мен жолаушылардың ешқайсысы тірі қалған жоқ.