20 қыркүйек 2023 | 11:42

"Анаң адам қағып кетті". Ақтөбеде 10 жастағы қыз алаяқтарға алданып қалған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 10 жастағы қыз алаяқтардың құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде 10 жастағы қыз алаяқтардың құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгісіз әйел үй телефонына қоңырау шалып, 10 жастағы қызға оның анасының жол-көлік оқиғасын жасап, жаяу жүргіншіні қағып кеткенін, анасын жауапкершіліктен құтқару үшін көп ақша қажет екенін айтқан. Өзін тергеуші ретінде таныстырған әйел тіпті телефонды қыздың анасына бергендей кейіп танытқан. "Анасы" жылаған дауыспен баладан үйдегі барлық жинақ ақшаны беріп жіберуді өтінген.

"Бұдан әрі алаяқ 10 жастағы қызға 700 мың теңге көлеміндегі ақша салынған пакетті өзінің сыбайласына қалай беру керек екенін айтқан. Анасының қиындыққа тап болғанына сеніп, шошып қалған бала ақшаны олар айтқан нұсқау бойынша беріп жіберген. Анасы үйге келгеннен кейін ғана баланың алаяқтарға алданғаны белгілі болған", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 23 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өзінің кінәсін мойындап, әлеуметтік желі арқылы белгісіз адаммен кездескенін айтты. Ол оған жұмыс ұсынған. Міндет – жәбірленушіден ақша алу және барлық соманы көрсетілген "жұмыс берушінің" шотына аудару болған. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети