Анар Мешімбаева сот үкіміне шағым түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анар Мешімбаева сот үкіміне шағым түсірді Анар Мешімбаева. ©Тengrinews.kz

Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева сот үкіміне шағым түсірді. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке оның адвокаты Ботакөз Бейсембаева хабарлады, шағым Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасына жолданды. Анар Мешімбаева сот үкімімен келіспейтінін, оны заңсыз әрі әділетсіз деп есептейтінін мәлімдеген. "Тергеу оңай жолмен жүрді: қаржы полициясы қаражатты жалған фирмалар арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру деректерін анықтап, менің орынбасарларымды тұтқындады да, сол ақшаны жымқырды деп айыптады. Менің орынбасарларымның да, менің де қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға ешқандай қатысымыз болған жоқ, біз ол ақшаны алған жоқпыз", - дейді Мешімбаева өз шағымында. "Сот үкімін оқи отырып, егер сот үкімінде айыптау қорытындысы сөзбе-сөз дерлік қайталанатын болса, онда сот отырыстарының не үшін өткізілгенін түсіне алмадым. Сот тергеуінің екі айы ішінде мен айыптау нұсқасын растайтын бірде-бір куәгерді естімедім. Керісінше, жауап алынған куәгерлердің бәрі менің конкурстық комиссия жұмысына ешқашан араласпағанымды, тиісінше шешімдердің қабылдануына ешқандай ықпал жасамағанымды қуаттады", - делінген апелляциялық шағымда. "Жоғарыда келтірілгендердің бәрі маған жүргізілген тергеу мен іс бойынша шығарылған үкімді заңсыз, әділетсіз деп есептеуге негіз болады, соған байланысты мен шағым келтірілген үкімді бұзуды және маған қатысты ақтау үкімін шығаруды сұраймын", - дейді Мешімбаева. 14 наурызда Астанадағы Есіл аудандық №2 cоты судьясының шешімімен Статистика агенттігінің бұрынғы басшысына мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік қызмет лауазымын атқару құқығынан бес жыл мерзімге айырумен бірге жалпы режимдегі колонияда жеті жыл жаза өтеу үкімі шығарылған еді. Сот Мешімбаеваны ҚР Қылмыстық кодексінің "Жымқыру" және "Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану" баптары бойынша айыпты деп таныды. Мешімбаеваға қатысты қылмыстық іс 2010 жылдың қаңтарында қозғалған болатын. Ол ұлттық халық санағын өткізуге бөлінген 700 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталды. Кейін Статистика агенттігінің экс-басшысына халықаралық іздеу жарияланды. 2013 жылдың қыркүйегінде ол Мәскеуден экстрадицияланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети