"Анасы науқас екенін білген". Ақтөбеде қылмыскер колониядан қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Анасы науқас екенін білген". Ақтөбеде қылмыскер колониядан қашып кеткен

Ақтөбеде қылмыскер колониядан науқас анасына қашып кеткен, - деп хабарлайды "Диапазон".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде қылмыскер колониядан науқас анасына қашып кеткен, - деп хабарлайды "Диапазон".

Басылым мәліметінше, 36 жастағы ақтөбелік ауыр қылмысы үшін 8 жылға сотталған, ол жазасын қоныс колониясында өтеп жатқан. Онда қылмыскер қарауылсыз жүріп, жұмысқа барып, кешке оралатын. Бірақ бір күні ол колониядан қашып кетіпті. 

Қылмыскер әпкесінің аулында ұсталды. Түрмеден қашқаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Сотта ер адам анасы ауыр науқас екенін айтты. Анасы Шұбарқұдық аулында тұрады екен, ол колония басшылығынан анасына барып-қайтуға мүмкіндік беруін өтінген, бірақ өтінішін қабылдамаған. Ақырында қылмыскер колониядан қашуға бел буған. Ақтөбеде бір тәулікке пәтер жалдап, кейін ауылға анасына барғанын, артынша әпкесіне барған кезде ұсталғанын айтты.

Басылым мәліметінше, ол бұрынғы қылмысы үшін жазасының басым бөлігін өтеген, тек 4 айы қалыпты. Бірақ сот қашып кеткені үшін оны 1 жылға бас бостандығынан айырды. Қоныс колониясынан ол ең жоғары қауіпсіздіктегі мекемеге ауыстырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети