Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде пара алу схемасын анықтады. Оған Қазақстандағы бірнеше өңірде лауазымды тұлғалар қатысқан. Бұл туралы ведомствоның ресми сауалға берген жауабында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде пара алу схемасын анықтады. Оған Қазақстандағы бірнеше өңірде лауазымды тұлғалар қатысқан. Бұл туралы ведомствоның ресми сауалға берген жауабында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәліметінше, маусымнан бастап ел Президентінің тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешенде субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізіліп жатыр. Талдау субсидия берудің ашық жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою үшін жүргізілген.
"Талдау барысында АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті мен оның аумақтық инспекцияларының лауазымды тұлғаларынан құралған қылмыстық топ қызметінің белгілері анықталды. Топ кәсіпкерлерден малды шекарадан кедергісіз өткізгені үшін жүйелі түрде пара алу схемасын ұйымдастырған. Бұл ретте мемлекет субсидиялаған асыл тұқымды малды әкету, жануарларды эпизоотиялық бақылаусыз тасымалдау фактілері анықталды, бұл эпидемиологиялық жағдайға теріс әсер етуі мүмкін", - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, қылмыстық топ мүшелерінің қызметі нақты бөлінген.
"Қолданыстағы ережелерге сәйкес экспортқа немесе импортқа рұқсат беруді бейінді комитет басшылығы жүзеге асырады. Ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлық схемасы шеңберінде комитеттің екі бас сарапшысы осы құзыретті заңсыз иеленген. Қылмыстық схемаға Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе және Қостанай облыстары, Алматы және Шымкент қалалары бойынша өңірлік инспекция инспекторлары да тартылды.
Әрбір рұқсат үшін топ қатысушыларының немесе олардың туыстарының жеке есепшотына 10-нан 50 мың теңгеге дейін ақша аударылды. Мәселен, тек Түркістан облысы бойынша комитеттің аумақтық инспекциясының бас маманының есепшотына 2020 жылдан бастап 45 миллион теңгеден аса қаржы түскен. Комитеттің бас сарапшысы әйелінің есепшотына 13,5 миллион теңгеден аса қаржы түсті", - деп толықтырды ведомство өкілі.
25 тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауқымды арнайы операцияны бастады және 10-нан аса кінәлі лауазымды тұлғаны анықтаған.
"Үш айыпталушыға, оның ішінде комитет орталық аппаратының қызметкерлеріне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Мұндай қылмыстық әрекеттер мал шаруашылығының дамуына айтарлықтай зиян келтіріп қана қоймай, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!