Антикор басшысына Ардан мен Сұлтанбековті іздеу туралы сұрақ қойылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Талғат Ардан, Қанат Сұлтанбеков. Талғат Ардан, Қанат Сұлтанбеков.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен Нұр-Сұлтан (Астана) әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековті іздестіруге қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен Нұр-Сұлтан (Астана) әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековті іздестіруге қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Депутаттар LRT ісі бойынша айыпталушылар Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Арданның халықаралық іздеуде екеніне күмән келтірді. Депутаттар күдіктілердің туыстары Нью-Йоркте тыныш өмір сүріп жатқанын айтады. Жазда БАҚ-та Ардан мен Сұлтанбеков Интерпол тізімінде жоқ деген жаңалық шықты. Осы туралы ақпарат бересіз бе, өйткені сол кезде оны ешкім жоққа шығарған жоқ", - деп сұрады БАҚ өкілдері Орталық қызметтің брифингінде Марат Ахметжановтан.

"Мен қысқаша жауап берейін. Олар халықаралық іздеуде жүр, Интерполда тиісті деректер бар. Өкінішке қарай, бізде GRECO-ның (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы) барлық елдерімен ұстау және экстрадициялау тәртібі жоқ.

Біз іздеу, құрықтау және тергеу бойынша келісім арқылы жұмыс істеп жатырмыз. Олар халықаралық іздеуде деп ресми түрде айта аламын. Олар Интерполдың тізімінде", - деп жауап берді Марат Ахметжанов.

LRT ісі: Қаражат қалай жымқырылған?

Еске салайық, "Астана LRT" бұрынғы басшысы Талғат Арданға 2019 жылдың 30 шілдесінде халықаралық іздеу жарияланған болатын.  

LRT құрылысы 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталып, оны 2020 жылдың жазында іске қосу тиіс болған. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын жоба қаражаты 1 миллиард 887 миллион доллар деп есептелген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer