ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қазан 2021 | 18:00
Антикор қызметкерімін деп танысқан әйел шетелдіктерді алдап соққан
Қарағандыда өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерімін деп таныстырып, шетелдіктерді алдаған Әзірбайжан азаматына үкім шығарылды. Алаяқ жәбірленушілерге Чехия, Қазақстан азаматтығын және басқа да құжаттарды алуға көмектесемін деп уәде берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыда өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерімін деп таныстырып, шетелдіктерді алдаған Әзірбайжан азаматына үкім шығарылды. Алаяқ жәбірленушілерге Чехия, Қазақстан азаматтығын және басқа да құжаттарды алуға көмектесемін деп уәде берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
34 жастағы Әзірбайжан азаматына қатысты қылмыстық іс Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында қаралған. Әйелге Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы бойынша айып тағылды: 190-баптың 3-бөлігі 1, 4-тармақтары "Аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық" және 390-баптың 3-бөлігі "Билікке қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымды атқаратын лауазымды тұлғаға рұқсатсыз атақ беру".
Соталды тергеп-тексеру барысында сотталушының бұрын да осыған ұқсас баптар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Былтыр сәуірде бостандыққа шыққан әйел қайтадан ескі әдетіне кіріскен.
"Былтыр мамырда сотталушы жәбірленуші М-мен әлеуметтік желілер арқылы өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет капитаны ретінде таныстырып, азаматтық алуға көмектесуге уәде берген. Сонымен қатар, жәбірленуші сотталушыға Чехия азаматтығын рәсімдеу үшін 2,9 миллион теңге берген", - делінген қылмыстық іс материалдарында.
Дәл осылай сотталушы тағы үш шетелдікті алдап кеткен. Ол жәбірленушілерге Қазақстанда тұруға рұқсат қағазын және басқа құжаттарды алып беруге уәде берген. Зардап шеккендерге келтірілген жалпы шығын 7 миллион теңгеден асады.
Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінгенін айтты. Ол жәбірленушілерге өтемақы төлеген. Істің барлық мән-жайын, жиналған дәлелдемелерді және сотталушының өкінетінін, сондай-ақ келтірілген зиянды өтегенін ескере отырып, сот әйелге 3,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также