25 қазан 2021 18:00

Антикор қызметкерімін деп танысқан әйел шетелдіктерді алдап соққан

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерімін деп таныстырып, шетелдіктерді алдаған Әзірбайжан азаматына үкім шығарылды. Алаяқ жәбірленушілерге Чехия, Қазақстан азаматтығын және басқа да құжаттарды алуға көмектесемін деп уәде берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерімін деп таныстырып, шетелдіктерді алдаған Әзірбайжан азаматына үкім шығарылды. Алаяқ жәбірленушілерге Чехия, Қазақстан азаматтығын және басқа да құжаттарды алуға көмектесемін деп уәде берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

34 жастағы Әзірбайжан азаматына қатысты қылмыстық іс Қарағанды ​​қаласының Қазыбек би аудандық сотында қаралған. Әйелге Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы бойынша айып тағылды: 190-баптың 3-бөлігі 1, 4-тармақтары "Аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық" және 390-баптың 3-бөлігі "Билікке қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымды атқаратын лауазымды тұлғаға рұқсатсыз атақ беру".

Соталды тергеп-тексеру барысында сотталушының бұрын да осыған ұқсас баптар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Былтыр сәуірде бостандыққа шыққан әйел қайтадан ескі әдетіне кіріскен.

"Былтыр мамырда сотталушы жәбірленуші М-мен әлеуметтік желілер арқылы өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет капитаны ретінде таныстырып, азаматтық алуға көмектесуге уәде берген. Сонымен қатар, жәбірленуші сотталушыға Чехия азаматтығын рәсімдеу үшін 2,9 миллион теңге берген", - делінген қылмыстық іс материалдарында.

Дәл осылай сотталушы тағы үш шетелдікті алдап кеткен. Ол жәбірленушілерге Қазақстанда тұруға рұқсат қағазын және басқа құжаттарды алып беруге уәде берген. Зардап шеккендерге келтірілген жалпы шығын 7 миллион теңгеден асады.

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінгенін айтты. Ол жәбірленушілерге өтемақы төлеген. Істің барлық мән-жайын, жиналған дәлелдемелерді және сотталушының өкінетінін, сондай-ақ келтірілген зиянды өтегенін ескере отырып, сот әйелге 3,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети