Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшыларының бірінің ұсталғаны туралы хабарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, бұған дейін Желіде Маңғыстау Денсаулық сақтау басқармасы басшылығы ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет істің бар екенін растады, бірақ күдіктілердің аты-жөнін атаған жоқ.
"Иә, Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша бөлінген ақша қаражаты шеңберінде медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде лауазымды өкілеттіктерін пайдалану дерегі бойынша Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бүгінде басшылардың біріне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", - деді Биғайдаров брифингте.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!