10 қазан 2022 12:53

Антикор өкілдері "Алматыэлектротранс" басшысына қатысты істің мән-жайын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Bekmyrza Igenberdinov/ facebook.com Фото: Bekmyrza Igenberdinov/ facebook.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері "АлматыЭлектроТранс" ЖШС бас директоры Бекмырза Игенбердиновке қатысты тергеудің егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері "АлматыЭлектроТранс" ЖШС бас директоры Бекмырза Игенбердиновке қатысты тергеудің егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік мәліметінше, ведомствоның Алматы бойынша департаменті Игенбердиновтің кәсіпкерлік субъектісі өкілінен 150 мың доллар көлемінде пара алғанын, атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып, бұрын жасалған келісімдер бойынша ақша аударғанын әшкерелеген.

30 қыркүйекте оған қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі 30 қыркүйекте Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Игенбердиновке қатысты екі айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау туралы өтінішті қанағаттандырғанын растады.

Еске салайық, бұған дейін "Алматыэлектротранс" ЖШС бас директоры жұмыстан босатылғаны туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети