Антикор Ұлттық музей басшылығына қатысты істің мән-жайын айтты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор Ұлттық музей басшылығына қатысты істің мән-жайын айтты Тұрар Қазанғапов

Антикор Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017-2018 жылдары "Ақпараттық ресурстарда нысандарды танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген нысандардың 3D модельдерін құру" жобасын іске асыру кезінде Ұлттық музей басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Ұлттық музей мердігер ұйымдарға осы жоба аясында атқарылған жұмыстар үшін 1,3 миллард теңге төлеген.

Сонымен қатар, жүргізілген сараптамалық зерттеу жұмыстарының нақты құны 83,4 миллион теңге болғаны анықталған.

Осылайша, жұмыс құны 1,2 миллард теңгеге негізсіз ұлғайтылып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайтыны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети