Ақмола облысында полицей пара алғаны үшін 4,8 миллион теңге айыппұл арқалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында полицей пара алғаны үшін 4,8 миллион теңге айыппұл арқалады © Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында жол-патрульдік полициясының қызметкеріне ірі көлемдегі айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында жол-патрульдік полициясының қызметкеріне ірі көлемдегі айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицей ауыр жемқорлық құқық бұзушылық жасады деп айыпталды.

"Ақмола облысы Бұланды аудандық сотында Ақмола облыстық ІІД жол-патрульдік полициясының қызметкеріне қатысты қылмыстық қаралды. Іс материалдарына қарағанда жол-патрульдік полиция қызметкері Макинск қаласында Ж. есімді адамнан оны мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін 80 000 теңге пара алған", - деп хабарлады соттағылар.

Сот үкімімен полицей ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша ("Пара алу") айыпты деп танылды. Оған 4 800 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және арнайы атағынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети