Ақмола облысында таныс қызын ұрды деген күдікпен бір адам ұсталды

©progorodsamara.ru

Ақмола облысында таныс қызын ұрды деген күдікпен бір адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 11 желтоқсанда болған. 28 жастағы жәбірленушінің айтуынша, таныс ер адам оны қала сыртына алып шығып, ұрып-соққан, сонымен қатар қорқытқан. Болған оқиға жайлы қыз құқық қорғау органдарына хабар береді. 

"Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері бұл заңбұзушылықты жасады деген күдікпен Солтүстік Қазақстан облысының Талшық ауылының 35 жастағы тұрғынын ұстады", - делінген баспасөз хабарламасында. Полицейлердің айтуынша, қазіргі уақытта күдікті өз қылмысын мойындады, ол қызды жай ғана қорқытқысы келгенін айтқан.

Реклама
Реклама

Полицейлер осы дерек бойынша ҚР ҚК 112-бабымен қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама